СҰРАҚ-ЖАУАП
Онлайн білім дегеніміз не?
Онлайн білім – интернет-ресурстар көмегімен әлемнің кез келген нүктесінен білім алу мүмкіндігі. Тамос-Онлайн мәліметтерді өз бетінше игеруге, куратордың көмегімен оқытуды жүргізуге және виртуалды онлайн-сыныпта оқытушысымен бірге білім алуына мүмкіндік беретін қызметтер кешенін ұсынады. Тамос-онлайн құралдарының ауқымы кең, бұл - интерактивті кеңістіктегі видеосабақтар мен электронды оқулықтар, интерактивті жаттығулар мен тестілеу жүйесі, вебинарлар мен олимпиадалар, үй тапсырмалары десек болады. Сонымен қатар, оқушы мектеп уақытында белгіленген кесте бойынша және өзіне ыңғайлы кез келген уақытта сабақтарды қайталай алады. Оқушының оқу барысы және басқа да шешімдердің дұрыс, бұрыстығы жайында ақпарат алуына мүмкіндігі бар. Онлайн жүйедегі ең маңызды компоненттің бірі – ата-аналардың өз баласының сабаққа қатысу уақытынан бастап, олардың оқу нәтижелері, даму динамикасы бойынша толық статистикалық мәлімет алуы.
Бұл мектепті толық ауыстыру ма?
Қашықтан білім беру 3-ке бөлінеді:

1. Білімін одан әрі жетілдіру үшін қосымша материалдарды меңгеру,

2. Оқушының жеке дағды-қабілеттерін дамыту үшін мектеп бағдарламасы бойынша ыңғайлы форматта білім беру, сондай-ақ, сабақ кезіндегі түсініксіз тақырыптар мен материалдарды қосымша зерттеу,

3. Мектептегі білім алуды экстернат немесе үйде оқу форматына толық ауыстыру. Қазақстанның заңнамасына сәйкес, Тамос-онлайн аттестат беріп, бақылау және емтихан жұмыстарын жүргізе алады. Сіз үшін онлайн-сайтта 3 нұсқаның кез келгені де қолжетімді.

Басқа қалада жүріп, сіздің мектеп оқушысы атанып, қашықтан білім алу үшін не істеу керек?
Мектеп оқушысы болу үшін сізге тек тіркелу қажет және қандай қызмет пакетін, қандай білім беру форматын (дербес немесе экстернат) таңдайтыныңызды, қай сыныпта оқитыныңызды, біздің мектептің қандай бағыттарына қызығатыныңыз туралы мәліметтерді енгізіңіз. Түрлі нұсқалыққа байланысты біз сізді күрделі формаларды таңдау немесе толтыруға мәжбүрлемейміз. Сіз барлық қызметтер жиынтығын біздің ыңғайлы веб-сайттан оңай таба аласыз. Ол үшін сайтқа тіркеліп немесе байланыс мәліметтерін және телефоныңызды қалдыру жеткілікті. Біздің менеджерлер сізбен хабарласады, нақтылайтын бірнеше сұрақ қояды және сіз үшін ең қолайлы оқу форматын ұсынады. Осы арқылы балаңызды онлайн-мектепке тіркейді. Кейін электронды поштаға жіберілген сілтеме бойынша өтіп, өзіңізге ыңғайлы түрде білім ала бастайсыз.
Мектепте оқу ақысы қанша?
Бұл тегін білім бе? / маған оқу ақысын төлеу кейін міндеттелмей ме? / сабақтар тек короновирус кезеңінде тегін бола ма? және т.б.
Мектебімізде оқудың бірнеше нұсқалары мен тарифтері бар. Тіркелу кезінде сіздің электрондық поштаңызға біздің қызметтер мен білім беру пакеттерінің бағасы көрсетілген прейскурант жіберіледі.

Бастапқыда осы қиын эпидемиологиялық жағдайды ескеріп Қазақстанның кез келген тұрғынына тегін базалық пакетті ұсынамыз. Біздің мектеп 3 тілде 5000-нан астам сабақтар әзірлеп, 2020-2021 оқу жылында Қазақстанның кез келген оқушысы үшін осы видеосабақтарды көру тегін болады деп шешті.
Сіздерде экстернат бар ма?
Экстернат - бұл оқушының онлайн режимде барлық жылдық оқу материалдарын меңгеріп, ал мектепке тек емтихан тапсыру үшін келетін оқу түрі. Қазіргі таңда оқу нысаны ретінде мектебімізде экстернатқа басымдық беріп отыр. Осыған байланысты, мектебіміз кез келген адамның Тамос холдингінің экстернатында оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті рұқсаттамаларды рәсімдеу мен аккредиттеуден өтіп жатыр. Біздің жоспарға сәйкес, экстернат форматында оқытуды біз екінші оқу тоқсанынан бастап қамтамасыз ете аламыз. Ал осы уақыт ішінде сіз біздің оқу бағдарламаларымызбен және онлайн оқыту құралдарымен таныса аласыз.

Сіз біздің экстернат бөлімінің оқушысы боласыз деген үміттеміз.
Экстернатқа түсу үшін не қажет?
Қазіргі уақытта экстернатқа түсу мүмкіндігі мемлекет тарапынан жүзеге асады және мынадай бірнеше ықтимал шарттарды қамтиды: денсаулығына байланысты қашықтан білім алу қажеттілігі, оқудың алдыңғы кезеңдерін өте жақсы аяқтау, қоныс аударуға немесе тұрғылықты жерін ауыстыруға байланысты қашықтан оқыту қажеттілігі.
Бір уақытта сіздің мектептен онлайн білім алып, өз мектебімде қалу мүмкіндігі бар ма?
Иә, әрине. Біз тегін видеосабақтардан бастап оқытушымен онлайн режимінде жеке сабақтарға дейін қызметтер мен білім беру пакеттерінің кең көлемін ұсынамыз. Сондықтан бізде оқу үшін мектебіңізден шығудың қажеті жоқ. Тамос-онлайнда оқу дербес білім беру, қосымша мектептен тыс білім беру, тереңдетілген білім беру форматында, сондай-ақ экстернат форматында қолжетімді. Бұл үшін сіз балаңызды біздің оқу орнымызға ауыстыруды ресімдеуіңіз керек. Біз барлық Тамос Онлайн қызметтері мен білім беру пакеттерінің сапасы бүкіл Тамос Эдюкейшн мектебінің сапалы білім деңгейіне сәйкес келетініне кепілдік береміз.
Сонда мен Тамос-Эдьюкейшн оқушылары сияқты сабақтарды жылына 2 млн теңге төлемей-ақ тегін ала аламын ба?Сонда мен Тамос-Эдьюкейшн оқушылары сияқты сабақтарды жылына 2 млн теңге төлемей-ақ тегін ала аламын ба?
«Иә» десе де, «жоқ» десе де болады.

Ия, сіз шынымен Тамос мектебінің оқушылары сияқты видеосабақтарды онлайн режимде тегін аласыз. Ал егер сіз өз біліміңізді тексеріп, жаттығулар мен үй тапсырмаларын орындау арқылы бекіткіңіз келсе, арнайы куратор көмегіне жүгініп немесе виртуалды сыныпта онлайн сабақтарға қатысқыңыз келсе (вебинарлар) - бұл қызметтер ақылы болады және жазылым бойынша ұсынылады. Бірақ жазылым құны офлайн, яғни тікелей мектептегі білімге қарағанда арзанырақ. Сізге Қазақстанның барлық оқушылары үшін базалық тегін пакетті сынап көруді және сіздің балаңыз үшін қажетті форматты білуді ұсынамыз.
Тамос Онлайнның BilimLand платформасынан ерекшелігі неде?
Бізде өте үлкен әрі түбегейлі айырмашылық бар деп айтар едім!!! Біз тек материалдар жиынтығы не мәліметтер кітапханасы ғана емес – білім беру саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар алдыңғы қатарлы жеке мектептердің біріміз. Форбс журналының рейтингі бойынша біз Қазақстанның жеке мектептері арасында бірінші орынды иеленіп отырмыз. Біздің мектепте Қазақстанның үздік мұғалімдері сабақ береді, білім мен инновациялық білім беру әдістемелерінің ауқымды кітапханасы қалыптасқан. Мұнда оқудың тиімділігін уақыт дәлелдеген және әлемнің үздік оқу орындарымен серіктес, оқуды 3 тілдік білім беру форматында жүзеге асырады. Біздің мектеп жұмысының барлығы қазір онлайн режимде. Біз ZOOM немесе what ' s app немесе Coursera қосымшаларының орнын ауыстыратын бағдарламашылар тобы ғана емес, сандық білім беру саласында өз әдістерімізді ұсына алатын мамандармыз. Сіз Тамос-Онлайн платформасы арқылы Тамостың ең жақсы дәстүрлеріне негізделген, мектептегі білім беруде заманауи, мамандандырылған мектепте сапалы білім аласыз. BilimLand платформасынан бірден-бір айырмашылығы, сіз виртуалды сыныпта Қазақстанның үздік мұғалімдерінен жеке онлайн сабақ, үй тапсырмасын аласыз, сондай-ақ Тамос Эдьюкейшн компаниялар тобының білім беру олимпиадаларына қатысудың бірегей мүмкіндігіне ие боласыз.
Жүйе Күнделікке қосылған ба?
Қазіргі уақытта біз электронды күнделікпен интеграцияланбадық, өйткені біздің жүйе баланың оқу нәтижелерін жоспарлау мен бақылаудың толық көлемін өз бетінше қамтамасыз етеді, яғни біздің платформа Күнделік функционалын өзі орындайды. Бірақ қазіргі уақытта жалпыұлттық форматқа шыға отырып, біз өзімізге осындай міндет қойдық және оны қысқа мерзімде жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл кезде сіз ата-ана ретінде, балаңыздың сабаққа қатысуын қадағалап, баланың қателіктерімен жұмыс істеуі, тестпен жұмыс істеуі және нәтижелер, даму статистикасына қол жеткізесіз.
Foxword немесе интернет сабақтарынан ерекшелігі неде?
Біз қазақстандық дәстүрлермен және мәденитке негізделген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аккредиттеген, оқу бағдарламасына сай оқу материалдарын әзірлеген қазақстандық компаниямыз. Біз қазақстандық аттестат береміз. Егер сіз экстернатта оқитын болсаңыз, Сіз Алматы мен Нұр-сұлтан қалаларында орналасқан оқу орындарында емтихан тапсыра аласыз. Ал егер қандай да бір өңірде экстернатта оқитын балалар саны көп болса, біздің мұғалімдеріміз сіздің қалаңызға келетін – көшпелі ДТЖ тәжірибесін енгізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, ресейлік немесе шетелдік онлайн мектептерден айырмашылығы, бізде тек ана тілінде сабақ беретін тұтас бөлім бар.
Сіздің мектептің оқу жоспары мен онлайн білім Қазақстан БҒМ стандарттарына қаншалықты сәйкес?
Біздің бағдарламамыз Қазақстанның білім стандарттары негізінде жасалады. Барлық оқу материалдарымызды аккредитациядан өткен мұғалімдер жасайды. Біздің бағдарламамыз материалдардың толықтығы мен жеткілікті болуын қамтамасыз етеді. Бізде, сонымен қатар, тұтас ағылшын тілі бөлімі бар екені де белгілі. Қазіргі уақытта біз барлық 11 сынып бойынша үш тілдік форматта 5000 мыңнан астам видеосабақ әзірледік, бірақ біздің мақсатымыз - екінші жарты жылдықтың басына дейін бұл санды 4 есе көбейту және мектептегі, мектептен тыс қосымша білім берудің 20 мыңнан астам оқу материалдарын жасау болып отыр.
Ағылшын бөлімінде оқу үшін сол тілді жетік меңгеру міндетті ме?
Міндетті емес. Ағылшын тілінің қажетті деңгейін анықтау үшін бізден тестілеуден өту керек.
Бұл контентті Tamos education жасады ма?
Иә. Контентті Тамос Эдукейшн мұғалімдері және оның Кембридждегі шетелдік серіктестері жасаған.
Бұл контент мектепті толық ауыстыра ма әлде, қосымша ма?
Қазіргі уақытта ол қосымша ретінде жүзеге асады, бірақ алдағы 2-3 ай көлемінде бізде Премиум (ЭКСТЕРНАТ) пакеті бойынша білім беру мүмкіндігі ашылады. Онда Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан Тамос Эдьюкейшн мектебі және алдыңғы қатарлы мектептер әріптестік таныта алады.
Әрі қарай ақылы контент туралы ақпарат алған кездегі пакеттердің құны қандай? Оларға не кіреді?
Пакеттердің құны алдағы аптада бекітіледі. Біз бірден хабарлаймыз, сайтта пакеттердің нұсқалары берілген.
2 бөлімге бірдей: қазақ және ағылшын, орыс және ағылшын, ағылшын және қазақ бөлімдеріне тіркелуге бола ма?
Жоқ.
Балам 5 жаста, бірінші сынып бағдарламасымен оқуы мүмкін бе?
Егер сіздің балаңыз ақпаратты қабылдауға дайын болса және оқу мен жазуды білсе, қарастырып көрсеңіз болады. Біз ата-аналарға баланы уақытында онлайн сабаққа қатысу, уақытылы қадағалауды ұсынамыз.
Кіру кезінде тіркеу қалай өтеді?
Ол үшін қажетті деректерді толтыру қажет және осы мәліметтерге сәйкес сізге поштаға сілтеме жіберіледі. Сілтеме бойынша бір рет тіркеуден өтесіз. Содан соң "курсқа қосылу" батырмысын басыңыз. Кейіннен сіз жаңадан келген әрбір сілтеме үшін "сабаққа қосылу" батырмасын басуыңыз қажет.
Сабақ қанша уақытқа созылады?
15-20 минут
Қандай пәндер бар?
Қазақ, орыс, ағылшын бөлімдері бойынша 1-ден 11-сыныпқа дейінгі барлық оқу бағдарламалары
Барлық пәндер бағдарлама бойынша жасалған ба?
Сыныпқа байланысты барлық оқу бағдарламасы, мазмұны үнемі жетілдіріліп, жаңартылып, толықтырылып отырады.
Робототехника, бағдарламалау секілді қосымша пәндер бола ма?
Иә, барлық қосымша пәндер даярлық үстінде. Сайтта жаңалықтар мен хабарландыруларды қадағаласаңыз болады. Біз мектеп түлектерінің мектепті бітірген кезде жоғарыдағыдай сұранысқа ие бағыттар бойынша мамандық алуын жоспарлап отырмыз.
Достарыңызбен бөлісіңіз!
Егер бұл платформа сізге пайдалы болса, достарыңызбен бөлісіңіз

© TAMOS.online Education